Úı ANONS 3 жасар бала дәретханаға түсіп кетті

3 жасар бала дәретханаға түсіп кетті

Түркістан облысы Ақниет ауылында 3 жасар бала жеке тұрғын үйдің ауласындағы дала дәретханасына құлап түскен. Әбүйір болғанда оны жақындары уақытылы көріп қалып, төтеншеліктерді көмекке шақырған.  Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, баланы тұрғындар өздігінен сыртқа шығара алмаған.

«Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар баланы шығарып алып, оны 103 қызметінің мамандарына тапсырды. Балаларды қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмаңыздар»
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ

Дилара Иса