Úı ANONS Бұзақылар 22 аялдаманы бүлдірген

Бұзақылар 22 аялдаманы бүлдірген

Шымкентте аялдамаларды бүлдіру дерегі тіркелді. Қала аумағында қоғамдық мүліктің жай-күйіне қатысты кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар аялдама павильондарының бүлінгені анықталды. Атап айтқанда, аялдама атаулары, жарықшамдары мен ақпараттық таблолары зақымданған 22 аялдама павильоны тіркелген. Қала әкімнің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, мұндай жағдайлар көбіне қоғамдық мүлікке ұқыпсыз қараудың салдарынан орын алады деп отыр.

Соңғы уақытта қала аумағында аялдама павильондарын қасақана бүлдіру, яғни вандализм фактілері орын алуда. Ортақ пайдалануға арналған қалалық инфрақұрылым нысандарына зиян келтіру тұрғындарға қолайсыздық туғызады. Аталған жағдайлар Сайрам көшесі, Жібек жолы көшесі, Байтұрсынов көшесі, М.Дулати көшесі, Гагарин көшесі, Темірлан тас жолы және өзге де көшелер бойында тіркелген.

Қалалық жауапты мекемелер бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар тұрғындарға ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарап, қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңызы зор екенін жеткізді. Яғни, қоғамдық инфрақұрылымды күтіп ұстау тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барлық қала тұрғындарының ортақ міндеті дейді.

Нұргүл Жолымбетова