Úı ANONS Көшпелі кездесу шалғай ауылдарда өтті

Көшпелі кездесу шалғай ауылдарда өтті

Қала әкімінің тұрғындармен көшпелі кездесуі Қаратау ауданында жалғасты.  Аймақ халқының мәселесін тыңдауға бұл жолы 2 орын таңдалған. Оның бірі ең шеткі ауыл Өтеміс болса, екіншісі Нұрсәт шағынауданы. Жиналған жұртшылық қандай проблема көтерді? 

Көшпелі кездесу бұл жолы мегаполистің шалғай аймағы саналатын Өтеміс тұрғын алабында өтті. Мұнда жиналған қауым көбіне жер мәселесін көтерді. Атап айтқанда, ауыл Сайрам ауданынан Шымкентке өткеннен кейін Мірәлі Таңқыбаевтың мекенжайы өзге аумаққа ауысып кеткен. Соның салдарынан құжаттық сәйкессіздік туындап, проблема бірнеше айдан бері шешілмей келе жатқан көрінеді.

“Біздің ауыл Сайрам ауданынан Шымкентке өткеннен кейін біздің адресімізді Аль-Фарабиге ауыстырып жіберген. Бірақ Әл-Фарабиде жеріміз жоқ. Соны орнату үшін 5 ай болды жұмыссыз жүрмін. — жердің құжаты бар. Басқа адресте ме? — иә, адресте дұрыс емес, барсам ешкім қабылдамайды. -Жоқ оны істеу керек қой”»

Бұдан бөлек, ауыл ақсақалдары аймақтағы өзекті түйткілдердің тізімін әзірлеп келген. Олар ауыз су, электр желілерінің тозуы, қыс мезгілінде құлаған бағандар секілді инфрақұрылымдық проблемаларды атап өтті. Сондай-ақ, канал үстіндегі көпірде қоршаудың жоқтығы тұрғындардың алаңдаушылығын туғызған. Айтуларынша, өткелден өту қауіпті.

“Сол каналдан өтетін көпірде пкрила жоқ. Каналдың ағысы өте қатты. -Тұғыры жақсы ма? — Ол мекем. 60-70 тонналық көріп, тек периласы жоқ. — Онда істеп беруге болады. Ені қанша? — Ені 6 метр. Жаяу жүргіншілерге жеке жол істесе — Ол сыймайды».

Кездесу кейін Нұрсәт шағынауданында жалғасты. Мұнда көтерілген негізгі проблема – баспана. Тұрғындар үй кезегіне қатысты мәселені алға тартты. Бірінің кезегі жылжымай тұрса, енді бірінің әлеуметтік мәртебесі өзгеріп кеткен. Осындай қиындыққа тап болғандардың қатарында сөйлеу мүмкіндігі шектеулі азамат та бар. Ол жұмысқа орналасуда да кедергі көп екенін айтты.

«Көпбалалы да кезекке тұрған еді 2016 жылы.  Бір себептермен статусы өзгеріп кетті. — Қазір мына кісімен кездестік. «Отбасы банк» өкілі. Осы кісі қай кезекте тұр. Қалай ауысқан бәрін айтып береді. — жұмысқа ешкім алмай жатыр дейді. Қиналып кеттім. Пенсиям аз дейді. Бала асырау керек. Квартира бар. — Білімі қандай екен? — Арнайы мектепті бітірген. — Жарайды қандай жұмыс істегісі келеді? — Қаптаушы ма дейді? — Біржан инвесторларға алып баршы. Жылыжай жылы, ыңғайлы болады»

Қала басшысы азаматтардың сауалдарын тыңдап, бірқатарына сол жерде жауап берді. Ал қосымша зерделеуді қажет ететін мәселе бойынша аудан әкімі мен басқарма басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Көтерілген проблеманың орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Әсел Мәлік