Еліміздің түкпір-түкпірінде Референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері толықтай сақадай сай әзірленіп, барлық қажетті жағдай жасалған. Әр учаскеде бақылаушылар жұмыс істеп, дауыс беру барысының ашық әрі әділ өтуін қадағалау үстінде.
Сонымен қатар, бюллетеньдер алдын ала дайындалып, белгіленген тәртіп бойынша әр адам өз таңдауын жасауда. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға да дауыс беру кабинасы бар.
15 наурыз ел тарихында маңызды орын алатын күндердің бірі. Бұл күн халықтың өз болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға тікелей қатысқан сәт ретінде есте қалады. Осындай сәтке өз үлесін қосып, таңдау жасауға «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары мен қызметкерлері келді.
ҰЛАР ЖАҚСЫБАЕВ, «ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: «Осы тарихи сәт. Тарихта қалады деп ойлаймын. Еліміз жасай берсін. Жақсы күндер бола берсін».
Референдум бұл мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді халықтың тікелей дауыс беруі арқылы шешу тетігі. Мұндай саяси процесс қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттырып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады. Әрбір дауыс елдің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Сондықтан дәл қазір халықтың қарасы көп болмасада, өз таңдауларын жасап жатыр.
Ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спортшылар да азаматтық борыштарын орындап, өз дауыстарын беруге келді. Олар үшін бұл тек спортта ғана емес, ел өміріндегі маңызды шешімдерге де бейжай қарамайтынын көрсететін қадам.
БІРЖАН ЖАҚЫПОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: «Еліміз үшіін маңызды күн. Өзімізде ат салысайық деп азаннан дауыс беруге келдік. Жақсылық үшін істеліп жатқан нәрсе. Еліміздің көркеюіне дамуына үлес қосады. Спортшылар дауыс беруге келдік. Жақсы жағынан алға қадам басып жатса, түсінеміз. Ертең спортымызға көңіл бөліп жатса, нұр үстіне нұрә.
Мұндай күндер ұлт жадында сақталып, кейінгі ұрпаққа тәуелсіздік пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіреді деп білеміз. Сондықтан 15 наурыз халықтың ерік-жігері мен ел болашағына деген сенімін айқындаған, тарихта қалатын ерекше күн.
Нұргүл Жолымбетова






