БЦЖ -дегеніміз не?
БЦЖ (BCG -Кальметта -Герен бацилласы) -тірі,бірақ әлсіздендірілген,құрамында туберкулез микобактериясы штаммы бар,туберкулездің белсенді спецификалық профилактикасына арналған,баланың ағзасына еккенде туберкулезге қарсы арнайы иммунитетті қалыптастыратын вакцина.
БЦЖ вакцинасы -ең ежелгі вакцина,әлемде үнемі қолданыста болып келеді. 1960жылдан бастап бұл егу 4 миллионнан астам адамға салынған және оны әлемнің көптеген елдерінде иммундау үшін қолдануды жалғастыруда. Қазақстанда 1975жылдан бастап қолдануда. Туберкулез-әлемде көп адамдарды өлімге әкелеіп соқтыратын, ең кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Ауру науқас адамнан сау адамға ауа-су тамшысы арқылы , жөтелгенде,сөйлегенде жұғады. Бала туылғаннан кейін әр түрлі жұқпалы қоздырғыштарымен жанасуы мүмкін,соның бірі туберкулез қоздырғышы. Туберкулезді емдегеннен ,алдын алу оңай! Туберкулезден қорғанудың ең тиімді және қауіпсіз түрі БЦЖ екпесі болып табылады. Бала туылғаннан кейін егу перзентханада 1-4-ші күн аралығында жүргізіледі. Егер балаға егу перзентханада жүргізілмесе , онда жергілікті емханада егілуі керек. Егу орны қызарып,ісініп,іріңдеп,қабыршақтанады. Ал бір жас шамасында егу орнында тыртық пайда болады,ол ауырмайды және баланың көңіл-күйіне де әсер етпейді. Кейбір жағдайда БЦЖ еккеннен кейін 0,02% шамасында балалардың дене қызуы көтеріліп ,мазасыздануы мүмкін. Мұндай асқынулар байқалған балалар 1 жыл фтизиатр дәрігерінің бақылауында болады. БЦЖ егуінен бас тартқан жағдайда балаңыз:
- Туберкулездің өте ауыр түрімен ауруы мүмкін , өлім жағдайына алып келуі мүмкін.
- Туберкулез менингитіне немесе басқа аурулардың ауыр түріне шалдығып ,мүгедек болуы мүмкін. Ата -аналар БЦЖ екпесінен бас тартқан жағдайда не істеу керек? Бастапқыда ата -аналарға туберкулезге қарсы егуді жүргізудің маңызы туралы дайындықты әйелдерді жүктілік бойынша есепке алған кезде жүргізеді.Одан кейін , МСАК мамандары ата -аналармен және отбасы мүшелерімен егуді жүргізудің маңызы , егуден бас тартудың салдары туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді.БЦЖ егуі салынбаған жаңа туылған сәбилерді перзентханадан МСАК ұйымы берген тексерудің нәтижесі туралы анықтаманың негізінде ата-анасы мен бірге тұрып жатқан отбасы мүшелерін туберкулезге тексергеннен кейін шығаратынын ата-аналарға айтылады. БЦЖ вакцинасынан кейін қандай реакциялар болуы мүмкін? БЦЖ вакцинасынан кейін бірден ақшылдау (папула) орын пайда болып,әдетте 15-20минуттан соң жоғалып кетеді. Егу жасалған соң бір айдың ішінде екпе орны пайда болады: екпе орнындағы белгі қатайып,түссіз көпіршіктненіп көмескіленіп,қабыршықтанады да ,тыртық пайда болады. Бұл жергілікті реакциялар қалыпты болып саналады және тазалауды , емдеуді қажет етпейді. 1 жылдан соң егу тыртық көлемі бойынша тексеріледі. Тыртық көлемі 5-8мм болса ол тиімді болып есептеледі. Егу жасалған балаларды аймақтық дәрігерлер 1,3,6,12 айдан кейін екпе орнын және лимфа түйіндерінің реакциясын қарап, оның сипаты мен көлемін баланың екпе тарихына белгілеп отырады. БЦЖ -дан кейін тыртық қалмаса -балалар қайта егіледі. 6 айдан кейін Манту сынамасынсыз егіледі, ал 1 жылдан кейін Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткенде ғана егіледі. Егуден кейінгі реакцияны жалпы практика дәрігері бақылайды.Реакция өзгеше болған жағдайда дәрігерге жүгіну қажет!
Р,А. Касимбекова, №8 ҚЕ-ның
фтизиопедиатр-дәрігері







