15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Қалалық референдум комиссиясының мәліметінше, саяси науқанды өткізуге Шымкент қаласы бойынша 369 комиссия қатысады. Оның ішінде 6 аумақтық, 363 учаскелік комиссия бар.
Сондай-ақ, 24 жабық учаске қарастырылған. Олар — емханалар, тергеу изоляторлары мен қарттар үйлері. 22 ақпандағы дерек бойынша Шымкент қаласында дауыс берушілер саны 695 145 адамды құрады. Референдумға шақыру билеттері 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында таратылады.
ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Әрбір сайлаушы сол күні егер өз қаласында болмай, басқа жерге Астана, Түркістанда болса, есептен шығару куәлігін алып, сол барған мекен жайдың кез келген учаскесінде дауыс беруіне болады».
Референдумға қатысты қажетті ақпаратты shm.saylaw.kz сілтемесі арқылы Telegram қосымшасынан, сондай-ақ 109 бірыңғай call-орталығы арқылы білуге болады. Ал айтулы орталықтың байланыс телефоны қала аумағындағы барлық аудандарда тұрақты жұмыс істеп тұр.
109 біріңғай call-орталығы;
• Абай ауданы 8 (7252) 77-70-67;
• Әль-Фараби ауданы 8 (7252) 39-02-01;
• Еңбекші ауданы 8 (7252) 43-30-05;
• Қаратау ауданы 8 (7252) 77-90-86;
• Тұран ауданы 8 (7252) 53-04-48;
@sailau_shymkent_bot
shm.saylaw.kz телеграмм қосымшасы арқылы алуға болады
Шынар Оразова





