Қаратау ауданында барлық мәселе шешімін табатын болады

62

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кезекті есепті жиынын өткізді. Ауданда әлі де шешімін таппаған инфрақұрылым мәселері бар екенін жасырын емес. Бірақ аудан жақын арада халық толығымен инфрақұрылыммен қамтылады деген жоспар бар. Қазіргі таңда қарқынды құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Қаратау ауданының ең проблемалы елдімекені Қайнарбұлақ саяжайы. Алайда елдімекендегі 60 мыңға жуық халықтың да қуанар сәті алыс емес. Осылай деген аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов көп ұзамай барлық мәселе шешімін табатынын жеткізді. Қазірдің өзінде саяжайда сапалы ауыз су және көгілдір отын жүргізу жұмыстары басталып кеткен.

Рахымберді Мүлкеманов, Қаратау ауданының әкімі: «Проблема су, газ, жарық қой. Оның басым бөлігі Қайнарбұлақта шешілмей тұр. Қазіргі таңда газ, судың проектісі шықты. Конкурс өтті, мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары басталып жатыр. Келесі жылы аяқталады деген жоспар бар».

Қайнарбұлақ цифрландырудан да артта қалған. Бүгінде саяжай тұрғындары қарапайым интернет желісін толық қолдана алмайды. Бірақ бұған дейін шағымданған халықтың пікірін ескердік деген цифрландыру басқармасының басшысы 2023 жылы елдімекенде интернеттен проблема болмайды деп сендірді.

Әсет Әбдіраханов, Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы:
“Ең бірінші интернеттің байланыс сапасын жақсарту. Былтыр біз осы Қаратау ауданын бастадық. Жалпы ауданда шалғайда орналасқан 7 мөлтекауданды талшықты оптикалық байланыспен қамтыдық инвесторлар есебі тарапынан. Мобильді интернетті жақсарту үшін бірнеше базалық станция салынды. Биыл инвесторлар тарапынан талшықтық оптика желісі салынады деп жоспарланып отыр. Құрылысы келесі жылы аяқталады. Сонда халық толық интернеттті еш қиындықсыз пайдалана алады. Бұған дейін саяжайға 4 базалық станция салынған. Бірақ бұл халық шоғырланған елдімекеннің мобильді интернет проблемасын шеше алмай отыр”.

Бұл проблемалар қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Қаратау аудан тұрғындарымен кездесуінде де көтерілді. Құрғақ уәдеден шаршадық деген халық мәселелердің жылдамырақ шешілуін талап етті. Ал жауаптылар барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр деді. Жалпы, мегаполистің ең жас ауданында әзірге инфрақұрылым жүйесі 100 пайызға жете қойған жоқ. Бірақ жыл сайын бюджет көлемі ұлғайып жатқанын айтқан аудан басшысы Рахымберді Мүлкеманов жақын арады халықтың талабы орындалатынын жеткізді.

“Жалпы ауданда газ мәселесі 2025 жылы 100 пайыз шешіледі. Кәріз жүйесіне келетін болсақ, бізде 5 елдімекен толық қамтылған. 19-ы әлі қаралмаған. Жоспарға сай биылғы жылы, 6 елдімекен, 2023 жылы 5 елдімекенде кәріз кіргізу жұмысы жүргізіледі. Жалпы 2025 жылы 65 пайызға жетеміз»,-Рахымберді Мүлкеманов.

Ал Қаратау ауданында 2023 жылы сапалы ауыз мәселесі 100 пайыз шешіледі. Бүгінде ауданға қарасты тек 4 елдімекенге ғана су тартылмаған. Қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келесі жылға дейін құрылысы толығымен аяқталады деген жоспар бар. Сонымен қатар 2023 жылы аудан халық электр энергиясымен де толық қамтылады деп көзделіп отыр. Мемлекет басшысының тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасына сай жергілікті жерде нәтижелі жұмыстары атқарылып жатыр.