Түркістан облысында полиция заңсыз «кеурек» жинаушыларға қарсы жұмысшы топ құруда. Полиция және басқа да тиісті мекеме өкілдері, еріктілерден құрылатын топ «кеурек» өсетін маусым айында рейдтік-профилактикалық тексерістерді жүргізбек.
Мәселен өткен жылы осы бағыттағы тексеріс кезінде Арыс, Отырар және Сарыағаш аудандарында 100-ден астам шетелдік анықталып, «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бабымен жауапқа тартылып, елден шығарылған. Оларға 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 5 қазақстандық азаматқа да шара қолданылды.
Айта кетсек, «Кеурек» өсімдігі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енбеген. Десе де ҚР «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заңына сәйкес кеурекке 8 жыл мерзімге шектеу белгілеу туралы әкімдіктің қаулысы шыққан.







