Úı ANONS Мектеп күзетін кімге сеніп тапсырамыз?

Мектеп күзетін кімге сеніп тапсырамыз?

Балалардың қауіпсіздігі басты орында. Алайда, бұл мәселе толық шешілмей келеді. Мәселен, мектеп күзетіне спорттық тұрғыдан шыныққан жасы 25 пен 55 жас аралығындағы азаматтарды алу керек деген талап әлі күнге дейін ескерілмей келеді. Бүгінге дейін зейнетке шығып, өзі әзер жүрген қариялар қызметте жүр. Бұл қалай болғаны? Әлде білім басқармасы министрліктің талабына бас қатырмағаны ма? Жалпы, бұл мәселе шешіледі ме?

Мектеп күзетінде жасы алпысты алқымдаған немесе зейнет жасындағы азаматтар жүр. Бұл жасырын емес. Алайда, балалардың қауіпсіздігін ойлап бас қатырып жатқан мектеп директоры немесе басқарма басшысы жоқ. Бұл сұрақ қоғамда талай көтерілгенімен, күрмеуі шешілмей келеді. Мұны қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекте растап отыр.

Сәрсен Құранбек,  Қала әкіміннің орынбасары: «Білім мекемелеріндегі барлық күзетшілердің барлығы конкурс арқылы анықталған мердігерлер. Өнім жеткізушілер тарапынан қойылады мектепте. Олардың жасы 25 пен 55 жастың аралығында болуы тиіс.  Айтудан кем емеспіз. Айта-айта қартаятын болдық. Міне басшы да отыр. Неге бұл мәселе біздің алдымыздан шыға береді. Білім басқармасына қарасты мекемелер. Мен барлық 1193 мекемені қадағалауым мүмкін емес».

Гүлнәр Дәрібаева, Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары: «Мектептердегі күзет агенттігі тарапынан, келісімшарт ретінде жұмыс жасайды. Біздің қолымызға беретін мәліметке сәйкес, зейнеткерлік жастан асқан қызметкерлер жоқ деп береді. Алдағы уақытта анықталып жатқан жағдайда, қызмет көресететін өнім берушіге компанияға сұрақ қоямыз. Сонымен қатар, өз қызметтерін тиісті дәрежеде атқармайтыны жөнінде ескеретін боламыз».

Осылай деген білім басқарма басшысының орынбасары күзет агенттігінің сөзіне сенім арттық деп отыр. Олардың ақпаратында мін жоқ деп сендірді. Енді балалардың қауіпсіздігін кімге сенім тапсыра аламыз? Бұл сұрақ тағы да жауапсыз қалды. Білдей басқарманың өкіліне ма? Әлде зейнет жасындағы қызметкер жоқ деген  күзет агенттігіне ме?

Нұргүл Жолымбетова