Úı ANONS Тегін үйірмеге жазылмақ болған ата-аналар шу шығарды

Тегін үйірмеге жазылмақ болған ата-аналар шу шығарды

«Бассейнге жазылу керекпіз». Осылай деген ата-аналар түнгі сағат үштен бастап, оқушылар сарайының алдын күзеткен. Өйткені бірер күн бұрын тегін үйірмеге жазылу болатындығын мекеме әлеуметтік желіде жариялаған. Алайда орын саны шектеулі. Бұл жиналған жұрттың наразылығын туыдырған.

 

Таңмен таласып, №2 оқушылар сарайына жеткен ата-аналардың саны 200 — ге жуықтайды. Алды түнгі сғат 3 — те келіп кезек алған. Олардың басты мәселесі балаларын бассейнге жаздыру. Кейбірі талай жылдан бері осы жүзу үйірмесіне жазыла алмай жүрміз деп ашынады.

 

ҰЛМЕКЕН БИМҰСАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Ваучер бәрі бар.  Тіркелген кезде проблемалар шығады. Доступты алып тастайды. «Тірі» кезекпен келіп тіркеліңдер дейді. Түнгі үштен бастап адамдар келіп кезек алған. Мен сегіз жарымда келіп 143 болып тұрмын. Негізі тіркеу 10 — да басталады деген. Үйімнің жанында бар. Жылдық абонемент 250 мың деп тұр. Жағдайымыз дұрыс болса, неміз бар шаршап. Барлық халық тегінге әкеп тіркегісі келеді».

ҰЛЖАН ҚОНЫСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Түнгі үште дені дұрыс адамдар ұйықтауы керек қой. Біз азанда келсек, ажиотаж. 200 — ден асып кеткен. Осыны реттеу керек қой. Әр жолы осындай болады екен. Орта ғасырда өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой».

Ал, мекеме басшылығы бассейнге жазылу әр ай сайын жүргізіледі деп отыр. Айтуынша, әзірге 50 ғана орын ашылған. Өйткені, келмей жүрген немесе себепсіз сабақтан қалған балаларды автоматты түрде шығарып, орын босаттық  деп отыр. Сондықтан құжаты түгел 50 адамды ғана қабылдайды.

 

АҚМАРАЛ ЖҮНІСОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «Ата-аналар айтып жатыр. Біз неге электронды түрде тіркеле алмаймыз деп. Алдын тіркеліп жүрген. 2026 жылдан бастап, платформаның өзгеруіне байланысты, ата-ана міндетті түрде бізге келіп, мамандар тіркеп жатыр. Бізде миндаль платформасы. Бассейн резиналы емес. Одан кейін бет алды мың баланы бір мезетте түсірмейміз. Әр топта 15 баладан артық болмайды. Ата-аналар бізді неге кіргізбейсіңдер дейді. Бізде гигиена талаптары бар».

 

Айта кету керек, бассейн бір мезетте мың баланы қабылдауға қауқарлы. Оның ішінде 100 — ден астамы ерекше балалар. Сондықтан әрбір жасөспірімге арнайы кесте берілген. Сол бойынша жұмыс істейміз дейді бөлім меңгеушісі.

Нұргүл Жолымбетова