Úı ANONS ҰБТ-дағы өзгеріс: Енді мүмкіндік бір рет қана беріледі

ҰБТ-дағы өзгеріс: Енді мүмкіндік бір рет қана беріледі

Білімін тексеріп, жарқын болашаққа жолдама алу мүмкіндігі енді тек бір рет берілуі мүмкін. 20 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз келген Ұлттық біріңғай тестілеу жүйесі енді трансформациядан өтеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді.

 АЙДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Уақыт өз талабын қоюда. Білім беру трендтерінде, еңбек нарығында, құзыреттілік пен талаптарда үлкен трансформация жүріп жатыр. Біз қазіргі кемшіліктерді қабылдап, оларды түзетуіміз керек. Соның ішінде, ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру мүмкіндігі талапкерлерді сапалы іріктеу міндетін толық шешіп отырған жоқ. Сонымен қатар, бүгінде жоғары оқу орындары таланттарды өз бетінше іріктеу құқығынан айырылған. Бұл, ең алдымен, адами капиталды дамытудың драйвері болып табылатын педагогикалық жоғары оқу орындарына қатысты».

 

 Әсіресе, болашақта мұғалім болуды жоспарлап жүрген оқушыларды үлкен өзгерістер күтіп тұр. Келесі жылдан бастап талапкерлер ҰБТ нәтижесімен қатар ауызша емтихан тапсырады. Мұнда үміткердің сыни ойлау деңгейі мен коммуникативтік дағдылары басты назарда болады. Жаңа жүйеде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленетін тест тапсырмаларына ерекше орын берілмек.

 

 БОТАКӨЗ АНУАР