Úı Jańalyqtar Нитрат қалдықтары көкөністерде тиісті мөлшерден жоғары болғанда ағзаға калай әсер етеді?

Нитрат қалдықтары көкөністерде тиісті мөлшерден жоғары болғанда ағзаға калай әсер етеді?

фото stan.kz

 

Нитраттар — (Нитраты; грек, nitron — сода, селитра) — өнеркәсіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында көп қолданылатын азот қышқылының түздары. Аммоний нитраты, сілтілік және сілтілік жер металдарының нитраттары селитра деп аталады. Белгілі бір мөлшерден артық пайдаланғанда Нитраттар тамақ өнімдерінде жиналады да, адамды уландырады.[1] Нитрат тұздарын металлдарды, негіздік оксидтерді, негіздерді және аммиакты азот қышқылымен әрекеттестіріп алады.

Азот қышқылының барлық тұздары суда жақсы ериді. Азот қышқылының тұздары NaN03, NH4N03, KN03, көбінесе азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады. Натрий және калий нитраттары шыны қайнатуда, тағамдарды консервілеуде қолданылады. Оқ-дәрі алу үшін калий нитратынан KN03, күкірттен және көмірден тұратын коспа жасайды. Күміс нитраты AgN03 (ляпис деп те аталады) медицинада, затты күмістеу үшін және химиялық лабораторияларда хлор ионын табуға, анықтауға пайдаланады. Нитраттар — өсімдікке топырақтан үстіңгі қоректендірумен бірге түсетін азот қышқылының тұздары. Дәл осы жерге улы нитраттар жинақталады. Қияр мен шалғам (редис) сынды көкөністердің ұштарын 1 сантиметрге кесіп, сыртқы қабығын ашыған жөн. Себебі бұл көкөністердің нитраттары дәл осы жерлерде жинақталады екен. Қызанақты жей беруге болады. Тек оның үстіндегі және астындағы жасыл өскінді алып тастаған жөн.Ас көк, салат жапырақтарының сабақтарын, тамырларын тамаққа қоспай, алып тастаңыз.

Егер азот тыңайтқыштарын жасау қажет болса, піскен көкөністерді алып тастап, келесі жинауды тамақтанудан бірнеше күннен ертерек жоспарлаңыз.

 

К.Т.Рустемова,

Шымкент қаласы Әл-Фараби СЭББ басшы орынбасары