Базардан алған өнімді тексертіңіз

361

Санэпидемиологтар қала тұрғындарының саулықтары үшін алаңдайды. Сондықтан көкөністі тексеріп тұтынуға кеңес береді.

002

Шымкентте «Әр үйге қауіпсіз тағам» науқаны басталды. Мамандар өнімдердің барлығын нитрат өлшегіш құрал арқылы тексеруді жүзеге асыруда. Осылайша мөлшерден тыс нитраттарды анықтауға кіріскен.

Мамандар бір күнде өнімнің 44 түрін сынамадан өткізді. Нәтижесінде қауын мен пияздың құрамында химиялық қоспалардың көп екені анықталып отыр. Бұл науқан апта сайын жұма, сенбі және жексенбі күндері облыстың барлық базарларында өтетін болады.