Úı ANONS Сандық технологияны меңгерген ұстаздар бәсекесі

Сандық технологияны меңгерген ұстаздар бәсекесі

Шымкентте инженерлік сала бойынша педагогтердің республикалық кәсіби шеберлік конкурсының салтанатты ашылуы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар бас қосқан байқау техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі тәжірибе алмасуға, заманауи оқыту әдістерін жетілдіруге бағытталған. Ауқымды шараға инженерия, IT, автоматтандыру, электроника және өндірістік технология бағытында білім беретін үздік педагогтер қатысуда.

 

Бүгінде өндіріс саласында сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардың рөлі артып келеді. Бұл заман талабы дейді оқытушылар. Мәселен, республикалық конкурсқа арнайы қатысуға келген Рахметтола Тоқсанбаев. Ол әріптесімен бірге Маңғыстау облысынан келген. Айтуынша, мұндай кәсіби байқаулардың маңызы зор. Себебі, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізеді дейді.

 

РАХМЕТТОЛА ТОҚСАНБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мұндай конкурстың берері көп. Себебі деген оқытушылар арасында бір біріне тығыз байланыс орнатуға болады. Және өздерінің шеберліктерін көрсетуге. Сандық бағдарлама басқару станоктарының біржақсы, қазіргі Президентіміз биылғы жылды ЖИ жылы деп атағандықтан, біздер тапсырмаларды «Три Д модельер» мен «Мастеркам» бағдарламалары арқылы орындаймыз. Адамдардың заманауи ойлауына байланысты тез әрі тиімді».

 

 

Инженерлік бағыттағы оқытудың ерекшелігі мен заманауи технологиялардың артықшылығы әрбір ұстаз білуі тиіс дейді жауаптылар. Өйткені, машина жасау, токарьлық және слесарлық іс бағытында сандық бағдарламалармен басқарылатын заманауи сыныптардың маңызы зор. Сонымен қатар, техникалық мамандықтар дайындау саласында үшінші мегаполистің үлесі көп екен.

 

ТІЛЕК ИСАХМЕТОВ, ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Машина жасау, токарьлық және слесарлық іс бойынша сандық бағдарламаларында басқару сыныптарында жұмыс істеу Қазақстан Республикасында біздің колледж мамандық, құзыреттілік орталығы болып есетеледі. Мен айтқанда, токарлық слесарлық колледжінде еліміздің сегіз өңірінен келіп, тәжірибелерін шыңдайды».

 

 

Салтанатты жиында сөз алған сала мамандары бүгінгі өндіріс пен технологияның дамуы кәсіби білікті мамандар даярлауға тікелей байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ инженерлік бағыттағы білім сапасын арттыру, халықаралық стандарттарға сай маман даярлау және жастардың техникалық мамандықтарға қызығушылығын күшейту мәселелері қозғалды.

 

Конкурс барысында қатысушылар теориялық біліммен қатар, тәжірибелік тапсырмалар орындап, инновациялық жобаларын таныстырады. Айта кетейік, республикалық конкурска 8 өңірден келген  16 адам қатысып жатыр.

Нұргүл Жолымбетова