Шымкент қаласы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды 64 пайызға жеткізген

260

Сәуле шағынауданында 12 айда іске қосылған балабақша бюджет қаржысына салынған биылғы 5-балабақша. Жалпы қалада қазір 153 бөбекшай балабақша жұмыс жасауда. Шымкент бүлдіршіндерді осындай мектепалды мекемелерімен қамтуда облыс бойынша көш басында келеді. Сәулелік балғындардың көптен күткен армандары орындалды.

Енді шағын аудандағы ата-аналалардың көңілі тыныш. Бүлдіршіндер тәрбиешілердің қолында. 18 топта 50-ден астам тәрбиешіге қоса аспазшылар ас әзірлеп қызмет көрсетуге сақадай сай. Асханаға қойылған қондырғылар көңілдерінен шығыпты.

Балапан бағдарламасы аясында салынған бөбекжай балабақшасына 500 миллионға жуық қаражат жұмсалған. Жатын орын, жуыну бөлмелері сәбилерге ыңғайластырылып толығымен шешілген жеке қазандығы мен қосалқы электр станциясы да қаралыпты. Шымкент қаласы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды 64 пайызға жеткізген. Соған қарамастын кезекте тұрған 32 мың сәбиге қоса балабақшаға мұқтаж 18 мың балғын бар. Ол дегеніміз жыл сайын тап осындай 5 балабақша ашылуды қажет етеді.