Қала әкімінің кубогі кімге бұйырады? (фото)

287
Боксшылар мамырдың 22-іне дейін өзара чемпиондарын анықтайтын болады

Жеті елдің 120 былғары қолғап шебері Шымкент қаласы әкімінің кубогін сарапқа салуда. Халықаралық турнир осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы 17-18 жасар боксшылар сынға түсуде. Жуырда ғана бұл спортшылар әлемдік аренада тәжірибе жинақтап қайтқан болатын. Шымкенттегі турнир де олардың шеберлігін шыңдай түсері сөзсіз. Дода мамыр айының 22-іне дейін жалғасады. Кездесулер жеңіл атлетика манежінде өтуде.

Қала кубогін сарапқа салуға жеті елдің боксшылары жиналды

Жеті елдің арасында аспан асты елінің былғары қолғап шеберлері де бар

Бірінші болып ринг төріне Шымкенттің қос боксшысы шықты
Бірінші болып ринг төріне Шымкенттің қос боксшысы шықты

Боксшылар мамырдың 22-іне дейін өзара чемпиондарын анықтайтын болады

Алғашқы жекпе-жекте Кенжебек жеңіске жетті
Алғашқы жекпе-жекте Кенжебек жеңіске жетті
Жарыс жеңімпаздары облыс құрамасынан өз орнын табады
Жарыс жеңімпаздары облыс құрамасынан өз орнын табады
Жеңілатлетика манежінің қақ төріне арнайы ринг қойылған.
Ринг жеңіл атлетика манежінің қақ төріне қойылған