АНОНС Жаңалықтар 

«Медиация және қоғамдық келісім кеңесі — егіз ұғым»

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — Қазақстан халқы ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша хатшысының орынбасары Мұратәлі Халмұратов. — Желтоқсан есеп беретін, нәтиже шығаратын уақыт. 2017 жылы мекемелеріңіз қандай ауқымды жұмыстар атқарды? — Қазақстан Халқы Ассамблеясы Елбасы басқаратын, ал облыста облыс әкімі Жансейіт Түймебаев басшылық ететін бірегей институт. Бұл бірегей институт екені, аналогы жоқ институт екені әлемге аян. Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдардың барлығы бізден келіп үйреніп жатыр. БҰҰ, ОБСЕ, «Комитет форум – 18» атты ұйым бар. Бізде 130-дың үстінде ұлт бар, шынымен де осылар тату тұрып жатыр ма, шынымен де осылардың…

Read More
Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді АНОНС Жаңалықтар 

Жомарт жандар науқас балғындардың еміне миллиондап қаржы жинап берді

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті. Игі шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты. Қайырымды жандардың басын қосқан шараның басты мақсаты — көпшіліктің демеуімен науқас бүлдіршіндерге көмек қолын созу. Жиынды ашып, сөз сөйлеген облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов форумның маңызына тоқталып, қайырымдылық шараларын үйлестіру бүгінде ассамблея жұмысының басты бағытына айналғанын айтып өтті. Одан кейін обылстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Әбілқасым Досболов…

Read More
Оңтүстікте биыл 6500 отбасыға 19 млн теңгеден астам көмек көрсетілді АНОНС Жаңалықтар 

Оңтүстікте биыл 6500 отбасыға 19 млн теңгеден астам көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Асар» қайырымдылық шарасы аясында биыл өңірде 8 отбасыға баспана берілген. Бұл игі шара болашақта жалғасады. Бұдан бөлек жыл басынан бері 6500 отбасыға жалпы сомасы 19 млн теңгеден астам қаржы көмек ретінде үлестірілді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек мәлім етті. Сонымен қатар ҚМДБ-ның өңірдегі өкілдігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» шарасы аясында үндеу қабылданған болатын. Оның мақсаты — өңір тұрғындарын үнемшілдікке үгіттеу. Бүгінгі таңда бұл бастама көпшілік тарапынан кеңінен қолдау тауып…

Read More
АНОНС Жаңалықтар 

«Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды»

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары «Эра» серіктестігі еріктілер ұйымының төрағасы Рахат Арғынбай және осы ұйымның директоры Биғали Әбдіқұл:      — Жастар жақсы істің әрдайым бастамашысы. Еріктілер ұйымы қайырымдылық жасауға бағытталған. Жастар ұйымдары бізде көп. Ұйым қашан ашылды? Қалай жұмыс істеп жатырсыздар?      — Ұйым осыдан 3 жыл бұрын ашылған болатын. Бастапқыда 30-40 адам шамасында болатын. Бүгінгі таңда 500-ден аса мүшеміз бар. Осыншама адамның басын қосу қиын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық институтында Нұрлыбек Асылбай ағамыздың үлкен күш-жігерінің арқасында бастау алса, одан кейін таралу аймағы кеңейді. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика…

Read More
"Изуми" балаларға базарлық жасады Компания жаңалығы 

«Изуми» балаларға базарлық жасады

Бұлар — ерекше балалар. Бірі айықпас дертпен арпалысып, берілмей келеді. Енді бірін ата анасы жарық дүниеге келген күннен бастап тастап кеткен. Оларға жақсылық жасау әркімнің-ақ қолынан келеді. «Изуми» сауда үйінің басшылығы да балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үзбей жақсылық жасап келеді. Қайырымды жандар бұл жолы да ойыншықтар мен кілем сынды сыйлықтарын ала келіп, балаларға базарлық жасады. Ана туралы әннің әр сөзі жүректерге жылы тиеді. Әр бала ата-анасының аяулы алақанында болуы керек. Жеті жасар Аман Еркенов те осылай деп әндетті. Интернат тәрбиеленушісінің көзінде мұң, сөзінде нұр. Әні арқылы әрбір адамды мейірімге шақырады. Шымкент…

Read More
Шымкентте "Мектепке жол" акциясы жалғасуда АНОНС Жаңалықтар 

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Бір баланың қуанғаны — мың періштенің қуанғаны. Жаңа оқу жылына орай Абай аудандық әкімдігі мен аудандағы мешіт өкілдері 120 оқушыға қуаныш сыйлады. Жомарт жандар балақайларды оқуға қажетті құралдар және киім-кешекпен қамтамасыз етті. Бұл — «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясындағы іс-шараның бір бөлігі ғана. Мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңыраудың соғылуына санаулы күндер ғана қалды. Әр балақай өзін өзгелерден кем санамасын деген ниетпен кәсіпкерлер жасаған қайырымдылық шарасы барысында 120 оқушы бас-аяғына дейін киіндіріліп, мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Мейірімділікке бөленген балалардың қуанышында шек шоқ. 2 сынып табалдырығын аттағалы тұрған Бақытжан Ізтеміровтің көңілі…

Read More