Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі өтуде Жаңалықтар 

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі өтуде

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілісі өтуде. Депутаттардың қарауына өңіріміздегі елдімекендерде мемлекеттік-жекеменшік әріпстестік жобасы бойынша салынатын нысандарға қатысты мәселелер ұсынылды. Халық қалаулылары 6 қарашаға дейін өз ұсыныстарын бекітіп, бір шешімге келуі тиіс. Облыстық мәслихатының мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару мен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияларының біріккен мәжілісі өтті. Күн тәртібіне 4 мәселе енгізілген. Олардың алғашқысы облыстағы медициналық мекемелерінің кешенді медициналық ақпараттық жүйесін ендіру және сервистік қызмет көрсету деңгейін талқылауы керек болатын. Алайда белгілі себепкерге байланысты кейінге қалдырылды. Десе де мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтеретін нысандардың жайы талқыға салды. Шымкент қаласындағы…

Read More
Депутаттар бюджет қаржысының орындалуын нақтылады Жаңалықтар 

Депутаттар бюджет қаржысының орындалуын нақтылады

Құрылыс саласында бюджеттен бөлінген қаржының игірілмеуінің алдын алу мақсатында қысқартулар жасалуда. Жылдың соңында әдетке айналған бұл үрдіс депутаттарды мезі еткен. Бүгін облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісінде дәл осы мәселе көтерілді. Бюджетті нақтылауда жоба мақұлданса, табиғи газбен қамту бойынша 7 нысанның құрылысына қаржы бөлінеді. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 3 нысанның құрылысын жалғастыруға және екі нысанның құрылысын аяқтауға 915 млн теңге қарастырылуда. Облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісіне жиналғандар екі мәселені талқылады. Халық қалаулылары үш жылға арналған бюджетке өзгерістер мен…

Read More
"Отырар" медиахолдингінің директоры - Оңтүстіктің құрметті азаматы Жаңалықтар 

«Отырар» медиахолдингінің директоры — Оңтүстіктің құрметті азаматы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 13-сессиясы өтті. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 27 мәселе бойынша шешім қабылдады. Оның ішінде облыс әкімдігі мен тексеру комиссиясының бюджеттің орындалуы жөніндегі есебі мақұлданып, күнгейдің 2017 жылға арналған бюджеті нақтылады. Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау да бағасын алды. Облыстың «Құрметті азаматы» атағын беру қағидасына өзгерістер де енгізілді. Бұған қоса облыс мәслихатының бұрынғы депутаттары Руслан Омаров пен Амангелді Сопбековтің өкілеттігі тоқтатылды. Жазғы демалыс алдындағы соңғы сессияның қарауына ұсынылған 27 мәселе бұған дейін тұрақты комиссияларда жіті талқыланғандықтан, олар бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды. Ал облыстың құрметті азаматы атағына…

Read More
Депутаттар: "Бюджет қаржысын тиімді жұмсау қажет" АНОНС Жаңалықтар 

Депутаттар: «Бюджет қаржысын тиімді жұмсау қажет»

Облыс мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясы 2016 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы жөнінде есепті талқылап, бекіту үшін сессияның қарауына ұсынды. Депутаттар қазына қаржысын өз мақсатында дер кезінде тиімді жұмсауға аса көңіл бөлу қажеттігін кезекті рет ескертті. Бірнеше күн бойы күн тәртібінен түспеген қаржыны жыл соңында қысқарту, игермеу мәселелері халық қалаулыларын алаңдатуда. Облыс әкімдігі мен тексеру комиссиясының 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде есептері осыдан 4 күн бұрын бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның Ордабасы ауданында өткен көшпелі отырысында қаралған болатын. Сол мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша дайындалған…

Read More
Бюджет қаржысын игере алмағандар қызметтен босатылды АНОНС Жаңалықтар 

Бюджет қаржысын игере алмағандар қызметтен босатылды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тұрақты комиссиялардың жазғы демалыс алдындағы соңғы мәжілістерін өткізуде. Халық қалаулылары облыс бюджетін нақтылаумен қоса өңір бюджетінің атқарылуын да талқылады. Мысалы, былтыр пайдаланылмаған 259 млн теңгенің 40 млн теңгесі игірелмеген. Қаржының басым бөлігі ауыл шрауашылығы басқармасына тиесілі — 24 млн теңге. Ал 10 млн теңге — денсаулық басқармасымен және 3 млн теңге құрылыс басқармасымен игерілмеген. Осыған байланысты лауазым иелерінің бірі ескерту, сөгіс алса, бірдей бес лауазым иесі қызметімен қоштасты. Мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелерінің қарауына ұсынылған 10 мәселенің алғашқысы — облыс…

Read More
ОҚО әкімі зиялы қауыммен кездесті АНОНС Жаңалықтар 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 12-сессиясы өтті. Депутаттардың қарауына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы ұсынылған болатын. Нәтижесінде халық қалаулылары өңірімізде бой көтеретін, білім саласы бойынша 7 нысанның тізімі бекітілді. Бұған қоса кәсіпкерлер тарапынан көтерілген келісім-шарт негізінде бағаланған нысандардың құны да ескерілетін болды. Сессияның күн тәртібіне енгізілген мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесі бойынша баяндама жасалды. Айта кету керек, бұл бағытта өңірімізде бес жоба жүзеге асады. Дархан Сатыбалды, облыс әкімінің бірінші орынбасары: «Қайтпас-1 шағынауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы салынады. Және Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 320 орынды балабақшасының құрылысы…

Read More