Сарыағашта 27 жастағы келіншек жоғалып кетті

Оңтүстіктің полицейлері із-түссіз жоғалған 27 жастағы Сарыағаш ауданының тұрғынын іздейді. 2016 жылдың 11 тамызы күні Сарыағаш АІІБ-не 27 жастағы жергілікті тұрғын келіп, оның әйелі, 1989 жылы туған Құрбанова Нурипа Талғатқызы 10 тамыз күні үйінен Шымкент қаласына шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданған.

Сарыағашта 27 жастағы келіншек жоғалып кетті

Белгілі болғандай, 27 жастағы әйел күйеуімен бірге Сарыағаш ауданындағы базарлардың бірінде жұмыс істейді. Ол Шымкент қаласына тауар әкелуге кеткен. Қазір Нурипа Құрбанованы іздеуге Сарыағаштағы полицияның жеке құрамы мен криминалды полиция басқармасы жұмылдырылды.

Із-түссіз жоғалған азаматшаның жүрген жерін анықтау мақсатында барлық Қ(А)ІІБ-на бағыттама беріліп, жедел іздестіру тобы құрылды.

Жоғалған Нурипа Құрбанованың белгілері: бойы шамамен 165-170 см, орташа денелі, қара шашты иығына түскен, көзі қоңыр. Көк түсті шалбар, жасыл түсті футболка, қара түсті аяқ киім киген.

ОҚО полицейлері із-түссіз жоғалған Нурипа Құрбанова жайында қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 немесе 8-771-883-30-13 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР