Жедел жәрдем көлігімен демалысқа шыққан Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалды

347
Жедел жәрдем көлігімен демалысқа шыққан Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалды

Жедел жәрдем көлігімен демалған Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалды. Арнайы көлікпен табиғат аясына шыққан дәрігерлерді сот кінәсіз деп тауып отыр. Олар 11 тамыздан бастап қызметтеріне қайта тұрды.

Жедел жәрдем көлігімен демалысқа шыққан Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалды

Еске сала кетсек, аталған ауданындағы бір топ дәрігерлер жедел жәрдем көлігімен табиғат аясына барып, демалған еді. Сол жерде суретке түскен.

Нәтижесінде мемлекет мүлкін басқа мақсатқа пайдалануға жол берген деген айыппен екі адам жұмыстан қуылды. Олар аға фельдшер Әбдіжаппар Досмұханбетов пен гараж меңгерушісі Болат Налыбаев болатын. Қазіргі таңда бұл қызметкерлер соттың шешімімен кінәсіз деп табылып, жұмыстарын қайта жалғастыруда.