Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың облыстық мәслихат депутаттары алдындағы есебіне оң баға берілді. Есеп әкімнің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы жайлы болды. Бұл жетістікке ол — атқарушы және өкілетті органдардың бір командада үйлесімді жұмыс жасау арқасында қол жеткізілді.
Асқар Мырзахметов бұл ретте депуттарға алғысын білдірді. Бүгін өткен облыстық мәслихаттың 44-ші сессиясына ұсынылған өзге де 16 мәселе тұрақты комиссиялардың отырыстарында жіті қаралған болатын. Сондықтан шешімдер бірден бекітілді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Dmy3mo6IQ-c[/youtube]