Перзентханаға камера қойылды

Барлығы аңдулы, бақылауда тұрады деп жақтырмағанын білдірушілер де бар

Шымкенттегі №2 перзентхана тәулік бойы бейнебақылауда болады. Қойылған құрылғыға медицина қызметкерлері қуана қоймағады. Дегенмен, бұл еріккеннің ермегі емес. Алматыда жақында перзентханадан жаңа туылған бала ұрланып оны сатып жіберу оқиғасы да орын алған болатын. Осындай жайт бізде де болмас үшін бейнекамера қойылып жатқанға ұқсайды. Қазір мекемеге 12 камера қойылыпты. Мұндай бақылау бюджетке 500 мың теңгеге түсіпті.