Шымкентте кезекті рет жастардың арасындағы қақтығысы тіркелді.24-ші қыркүйек күні күндіз 18 жасар бозбала иығынан жарақат алып жедел-жәрдем ауруханасына түскен болатын.Жарақат травматикалық тапаншадан болыпты. Анықталғандай Тәуке хан даңғылындағы аулалардың бірінде жастардың арасындағы жанжал атысқа ұласқан. Тапаншамен атқан күдікті көп ұзамай қолға түсті.Басбұзарлық әрекетті ұйымдастырды деген күдікпен 19 жасар студент ұсталды.