Шымкентте жалдамалы үйлер берілу кезегі жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Жалдамалы баспаналар бойынша Шымқаладағы Нұрсәт шағынауданында биыл 5 тұрғын үй құрылысы жүргізілсе, соның 54 пәтерлі 9 қабатты үй құрылысы қазан айының соңына дейін тапсырылуы тиіс. Мұнан бөлек 30 пәтерлі 5 қабатты үйдің құрылысы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұл баспаналар 4 кезек бойынша таратылатын болады.
Гүлнәр Әшірбаева: Бұл ҰОС ардагерлері 51 азамат,әлеуметтік қорғалатын топ 2092 адам, жалпы кезек мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының қызметкерлері, әскерилер 1708 адам, сонымен қатар үйі апатты жағдайдағылар.
Жалдамалы баспаналарға сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, 1-ші және 2-ші топ мүгедектері мен мүгедек бала асыраушы отбасылар, зейнеткерлер мен жетімдер, әскери және қоғамдық іс кезінде қайтыс болған азаматтың отбасылардың кезекке тұруға мүмкіндігі бар. Алайда, жалдамалы үйлердің берілуі тиісті деңгейде емес дейді мамандар.
Гүлнәр Әшірбаева,
жылы бізде тек 61 азаматқа ғана баспана берілді
Жалдамалы пәтер жайы қазіргі өзекті мәселеге айналған. Сондықтан, өзге саланың мамандарын да осы жәйт алаңдатады.
сұрақ: 4-5 жылдың ішінде бірде-бір науқасқа пәтер берілмеді. Осы мәселе сіздерде вообще қаралады ма?
жауап: Бірінші ҰОС соғысының ардагерлеріне беріледі……
Қаламызда келесі жылға пайдалануға берілуі үшін көпқабатты үйдің тағы 3-інің құрылысы жүріп жатыр. Республикалық бюджетпен, жергілікті қазынадан қарастырылған үйлердің құрылысы аяқталса, тағы жүздеген азамат баспаналы болмақ.