Жалдамалы баспананы кімдер алады?

1259

 

ШЫМКЕНТТЕ БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ 34100 АДАМ ТІРКЕЛГЕН

Бұл сұрақтың жауабы біз үшін де қызық болды. Себебі, соңғы кезде «Арендалы негізде баспаналы болдық!», «Сатып алу құқығынсыз пәтер алдық!» деген сөздерді жиі естіп жүрміз. Үйлі болғандар пәтер ақысының қалтаға қонымды екенін айтуда. Әрине, арасында үйді өз атына аудара алмайтынына өкініп жүргендер де бар. Айтуларынша, 15-20 жылдан кейін баспананы мемлекет тартып алады екен. Елдің назарында жүріп, сан мыңдаған пікір қалыптастырған осы бір жалдамалы баспана туралы толығырақ білу үшін кейіпкер кейпіне ендік…

ҰОС АРДАГЕРІ – 1;

Арендалық негізде пәтерлі болу үшін не істеу керектігін білу мақсатында Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Жұлдыз Ордабековаға қоңырау соққан едік.

ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАНДАР -1700;

– Бірінші кезекте мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтер кезегіне тіркелу керек.
Кезекке:
– ҰОС мүгедектері мен қатысушылары;
– ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер;
– 1 және 2 топтағы мүгедектер;
– Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
– ҚР Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
– Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
– Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
– Оралмандар;
– Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
– Көп балалы отбасылар;
– Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
– Толық емес (асыраушысы жоқ, ажырасқандар) отбасылар тұра алады,- деді маман.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН АЗ ҚАМТЫЛҒАНДАР –12698;

Тізімдегі көп балалы отбасы (4 бала) категориясы бойынша 3 жылдан бері кезекте тұрғанымызды айттық. Маман біздің жалдамалы пәтерге қол жеткізе алатынымызды алға тартты.Бірақ, бұл негізде салынып та, беріліп та жатқан үйлер аз көрінеді.

Мәселен, 2016 жылы 2024 пәтер берісе, 2017 жылы тіпті берілмепті. 2018 жылы 1152 отбасын пәтермен қамту жоспарда бар көрінеді. Алайда 1 шаршы метрі шамамен 100 теңге болатын бұл пәтерлер биылғы жылдан бастап сатып алу құқығынсыз берілетінін айтты.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ –19670;

– Бұған дейін жалдамалы негізде баспаналы болған азаматтар үйлерін жекешелендіру құқығына ие болған. Мәселен, бүгінгі күнге дейін 189 пәтер жекешелендіріліп қойылды. Оның ішінде 157 жалдаушы Заңға сәйкес тегін жекешелендірсе, 32 пәтер қалдық құнымен жекешелендірді. Ендігі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жекешелендіру құқығынсыз берілетін жалдамалы баспана салына бастайды. Бұл үйлер жоғарыда аталған категорияларға жататын азаматтарға қарастырылған. Олар баспана үшін пәтердің шаршы мертіне және құрылыс құнына қарай шамамен 3000 теңге мен 8000 теңге көлемінде төлем жүргізеді. Бірақ, баспананы жекешелендіріп өз атына аудара алмайды. Алайда бұл 15-20 жылдан кейін мемлекет үйді тартып алады деген сөз емес. Үй басыбайлы өзіне тиесілі болмаса да, үй иелері онда қанша тұрғысы келсе сонша тұра береді.

ЖАЛҒЫЗ БАСПАНАСЫ АПАТТЫ ДЕП ТАНЫЛҒАНДАР –31 АДАМ.

Бір жағынан бұл өте тиімді әрі пәтерден пәтер жалдап жүрген отбасыларға өте қолайлы сияқты. Себебі, қалада пәтер жалдап тұру өте қымбат. Мәселен, сатылатын және жалға берілетін пәтерлер туралы хабарландыру жарияланатын krisha.kz сайтын қарасаңыз, 1,2,3 бөлмелі пәтерлердің жалға алу құны 30 мыңнан 80 мыңға дейін жетеді. Орналасқан жеріне, қабатына және ішіндегі жиһазының бар жоғына байланысты оның соммасы әр түрлі. Оған ай сайын төленетін коммуналды қызмет ақысын қосыңыз. Онда бір айда бір адамның жалақысының жартысынан көбі пәтерге жұмсалмақ. Ал мұндай шығындармен қаржы жинап, баспана сатып алу не салу қиын әрине. Мұндайда мемлекеттен берілетін жалдамалы пәтер әлде қайда тиімді ма деп қалдық. Алайда, оған қол жеткізу үшін де белгілі бір крителирге сай яғни, жоғарыдағы санаттың біріне кіруіңіз керек. Ал ол тізімнен өзін таппаған азаматтар үшін кредиттік баспана салынады. Бұл үйлер тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы беріледі.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ