ОҚО-да алғаш рет өткен имамдар сынағының қорытындысы шықты. Сейсенбі күні облыстық орталық мешітте облыс аудандары мен қалалардан келген мешіт имамдары ислам тарихы, құран жєне намаз оқу, өзге де жамағатқа қызмет жасауда білуге тиісті тұстар бойынша емтихан тапсырған болатын. Жалпы 175 имам сынаққа қатысуға құжат тапсырған. 50 имамның құжаттары дұрыс болмай шықты. Оны толықтыруы тиіс. Негізінен олар 14 түрлі құжаттар тапсыруы керек болатын. Бес имам емтиханды қайта тапсырады деп шешілді. Олар алдымен арнайы курстардан өтеді.