Жаңалықтар 

Қыста қайыршыларға барар жер жоқ

Белгілі тұрағы жоқ азаматтар тұрғын үй жертөлелерін паналауға шықты. Бұл тұрғындарды да, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызыметкерлерін де алаңдатып отыр. Шымкенттіктерден түскен шағымдар күн суыта сала тым көбейіп кетті дейді мамандар. Бүгін олар кезекті тексеруге шығып, қайыр сұраушы, тұрақты баспанасы жоқ бұл азаматтардың жағдайын зерттеді. Рейдке шықан мамандар бір сағаттың ішінде қала көшелерінен 7 қайыршыны кезіктірді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 18 мыңнан астам мүгедек бар. Ол азаматтар мемлекет тарапынан жәрдемақы және қолданыстағы заңдарға сәйкес, көптеген қосымша материалдық көмектер алады. Баспанасыздардың басым көпшілігі сыртан келгендер. Атап айтқанда көршілес Өзбекстан және Тәжікстанан күнкөріс үшін келгендер немесе ақша табу мақсатында кейбір пысықайлардың арнайы алғызғандары. ОҚО ІІД көші қон басқармасының мәліметіне сүйенсек, елімізге заңсыз келген 500-ден астам азамат елдеріне қайтарылған оған дейін мүгедек жандар бейімдеу орталығына жеткізіліп жағдай жасалады.

Бүгінгі рейд мұнымен шектелмейді. Себебі, қаламыздағы қайыршылардың саны өспесе кеміген жоқ. Алайда белгілі тұрағы жоқ азаматарды бейімдеу орталығындағы төсек орынның тапшылығы қиындықты тудырып отыр дейді мамандар. Бүгінде 150 орынға шақталған мекемеде 170 азамат мекендейді және олардың саны күн суыған сайын өсетіндігі сөзсіз.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz