Республиканың агроөнеркәсіптік кешенін үдемелі дамытуы бойынша іс-шаралар шеңберінде және Қазақстанның Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар инвестициялық жобаларды белсенді түрде іске асыру жұмысы жүріп жатыр. Маңызды объектілер қатарында — бүгінгі күні жеміс-көкініс өнімдерін сақтауға салу жұмыстары бойынша жүріп жатқан 4 мың тонна өнімге арналған «Керемет-Центр» бірегей жеміс-көкініс қоймасын айтуға болады.
«Керемет-Центр» ЖШС мамандарының айтуынша, шымкент қаласының шегінде тұрғызылған жаңа көкөніс қоймасының бүгінгі таңда Қазақстанда аналогы жоқ. Ғимарат конструкциясы мен оған орнатылған жоғары технологиялы жабдық жыл бойы дәстүрлі түрде жергілікті жерде өсірілген жемістер мен көкөністерді ғана емес, сонымен бірге шет жерде өсетін жеміс өнімдерін сақтауға да мүмкіндік беретін болады. Перспективалы жобаға ауылдағы инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» 640 млн.теңгеден артық қаржы инвестициялады.
Бүгінгі таңда пиязды сақтаудан бастаған қоймада бір аптаның ішінде 550 тонна жуа жиналған. Қоймада 400 және 700 тонналық 6 камера бар. Бұл жердегі сары және ақ басты пияздар өзіміздің өңір мен Жамбыл облысынан әкелініпті. Бір уақытта 4 мың тонна көкөністі сақтайтын қойманың жобасына 941,1 млн. теңге кеткен екен.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауылдағы инвестициялық жобаларды іріктеу мен одан кейінгі қаржыландыруды үкіметтің Экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылдар жоғары шеңберінде жүзеге асырады. Аталмыш жоспарға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді үдемелі дамытуға «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ-на 2009 жылы 120 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінген.
Қазақстандық астық экспорты мен оны терең қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, астық қоймаларын тұрғызу мен модернизациялау жұмыстары да қарқын алып, міне, бүгінгі таңда оңтүстікқазақстандық диқандарды қуанып отыр. Бұл бағыттарды іске асыруға ұлттық басқарушы холдингтен 94 млрд. теңге қаржы жұмсалмақшы.