Спорт 

Шымкенттің мұз айдынына алматылықтар жиі келіп тұрады

Шым қалаға оңтүстік астаналық спортшылар жиі келетін болған. Шымкенттің мәнерлеп сырғанау спортының жеткіншектері үшін бұл үлкен тәжірибе. Өйткені алматылық жастар қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары болып үлгерген. Ал жерлестеріміз болса енді ғана тәй-тәй басып келеді.

Шоу бағдарламаға шымкенттің жас спортшылары да қатысты. Тәжірибе жинақтап, өзінен үлкен әріптестерінің кеңесін де тыңдап қайтты.

Жанкүйерлер: «Мұндай шоу бағдарламалар жиі болып тұрса жақсы ғой. Балалардың санасында қызығушылық пайда болар еді. біздің өзіміз қызыға тамашалп отырмыз. Шымкенттіктер үшін қысқы спорт түрлері жаңалық емес пе.»

Жақын күндері шым қалада мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты өткелі жатыр. Ол дегеніміз еліміздің епті спортшыларынан тәжірибе жинақтауға тағы бір мүмкіндік туындайды.

Индира Асаба, спортшы: «Алматлық қонақтарға қарап, қызығыпотырмыз. Біз де келешекте солар сияқты биік шыңдарға жетеміз деп ойлаймын. Ол үшін жаттығып, тынбай еңбектенуіміз қажет.»

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz