Шымкентте «ICE PLANET» мұз айдыны ашылды

898
Шымкентте

Шымкентте «ICE PLANET» мұз айдыны ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне келгендер тамаша шоуға куә болды. Мұз қабатын шетелден келген мамандар сапалы дайындапты. Енді бұл мұз айдынында тіпті 1,5 сәбилер де сырғанай алады. Ал бұл кезде балақайлардың ата-аналары хош иісті кофе ішіп, дәмді тәттіден ауыз тие алады.

«Mega Planеt» сауда-сауықтыру орталығында «ICE PLANET» мұз айдыны ашылды. Ресейдің Новосібір қаласынан келген мәнерлеп сырғанаушылар – бүгінгі думанның арнайы қонақтары. Олар жекелеп те, жұптасып та сырғанаудың заманауи ырғақтарын паш етті.

Шымкентте "ICE PLANET" мұз айдыны ашылды

Шымкенттік жас мәнерлеп сырғанаушылар да кәсіби деңгейлерін ортаға салды. Жаңа мұз айдынына шыққан жас жұлдыздарға көрермендер жұмсақ ойыншықтар сыйлап, қол шапалақтап, қошемет көрсетті.

Мұз айдынына балаңызды 1,5 жастан бастап ертіп келе берсеңіз болады. Кішкентай мәнерлеп сырғанаушыларға көңілді жаттықтырушылар, панда, пингвиндер көмектеседі. Ал үш жастан он бес жасқа дейінгі балалар үшін «Айс плэнет» кәсіби мектебінің есігі ашық. Жаңа мұз айдыны айрықша. Өйткені сәнді бутикетер мен ыңғайлы кафенің ортасында орналасқан.

Юринова Наталья, «Mega Planet» ОСО «ICE PLANET» мұз айдынының басқарушысы: «Жазғы демалысты оңтайлы пайдаланып, балалар үшін жаңартылған мұз айдынын ашып отырмыз. Тіпті ересектер де келе алады. Апалар мен аталар, ата аналар да балаларымен бірге жаттыға алады. Біздің мұз айдынының жанында кафе ашфлды. Ата-аналар балаларын мұз айдынына әкеп, тәтті шай ішіп, дәмді күлше жеп, уақыт өткізе алады.»

Ендеше, «ICE PLANET» мұз айдыны жыл он екі ай бойына таңғы сағат тоғыздан кешкі онға дейін келушілерді күтеді.

Жанар Есенбекова