Тәжірибелі жобалаушы Анна Сушко -70 жаста

488
Мерей той иесі Анна Александровна Сушко

Анна Александровна Сушко – 70 жаста. Арманын жобалау арқылы жүзеге асырған мерейтой иесіне таяуда құрмет көрсетілді. Достары жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жеткізсе, ұжымы шағын ғана концерттік бағдарлама әзірлепті. Әсем әндер, шын жүректен шыққан тілектер тек Анна Александрқызына арналды. Өңірдегі әлеуметтік нысандар, тұрғын үй баспаналарының жобасын дайындаған білікті маман – сый-құрметке ие нағыз қазақстандық патриот. Жобалаушының қатысуымен қаламыздағы «Мега-Шымкент» орталығы, Мұз айдыны, «Риксос» қонақ үйі мен «Отырар» медиахолдингі ғимараттарының жобасы әзірленген.

Мерей той иесі Анна Александровна Сушко
Мерей той иесі Анна Александровна Сушко

Анна Сушко, мерейтой иесі: «Барлықтарыңызға рахмет! Көңілімді көтеріп, құрмет көрсетіп жатырсыздар. Жұмыс барысында қатал да болатын шығармын. Онсыз болмайды. Тапсырыс берген мекемелердің, азаматтардың талабын мерзімінде орындау – абырой. Біздің жобамыз бойынша салынған нысандар қала, өңіріміздің келбетін ажарландырса, одан артық бақыт бар ма?! Көп жылдар қатар еңбек еткен әріптестеріме алғысым шексіз!»