«Жұлдызды 20 күн» аясындағы игі істі Мәдени мұраны қорғаушы- мәдениет қызметкерлері жалғастыруда. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада тарихи мәдени мұраны сақтап, насихаттауда жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы жайы туралы жиын өтті.
Дөңгелек үстел барысында өңіріміздің зиялы қауым өкілдері «Қазыналы оңтүстік» көп томды кітап жинағының 30 томының тұсауын кесті. Жыл аяғына дейін 65 томмен шығуы тиіс рухани мұраларымызды жинақтаған еңбек «Нұрлы әлем» баспасынан жарық көруде.
500-дік тиражбен оқырманға жол тартқан басылым облыстың барлық кітапханаларына таратылатын болады.