Жаңалықтар 

“Ақ жолдан” үміткерлер анықталды

“Ақ жол” партиясы Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің тізімін жария етті. Партия төрағасы Азат Тұрлыбекұлы Перуашев 79 үміткерден тұратын тізімде 64-ші болып тіркелген.
Бізді қызықтырғаны ОҚО-нан тізімде кімдердің бары? Парламент Мәжілісінен болашақты кімдерді көре алуымыз мүмкін екендігі болғаны рас.
“Ақ жол” партиясы ХДП ОҚО Әбдірахман Жүнісалиевке бірнеше рет хабарлассақ та бұл мәліметті ала алмадық. (Тізімде кімдер барын жасыратындай қандай құпия болғанын кім білсін?!) Дегенмен, BNews.kz- агенттігі таратқан ақпаратты тізімнен оңтүстікке есімдері белгілі азаматтарды көрдік. Олар: “Холпкопром” компаниясының президенті Ермек Бегалыұлы Аббасов, белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы және Әбдірахман Жүнісалиевтің өзі. Ресми емес дерек көздеріне сенсек, Оңтүстіктен “ақжолдықтардың” тізімінде 10 адам болуы керек.
Танитындарымызды атадық. Алайда, тізімде Оңтүстіктен болмаса да елдің ұлттық рухын оятуда сүбелі үлес қосып жүрген айтулы азаматтар – Амангелді Айталы, Смағұл Елубаев, Ибрагим Исаев, Исраил Сапарбай, Иса Қазыбек, Кенжеғали Мыржықбай, Серік Тұрғынбекұлы сынды ақын-жазушы, ғалымдарымызбен бірге, Олимпияда чемпионы Бақыт Сәрсекбаевты да көруге болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz