2011 жылдың аязды желтоқсаны жанкүйерлер есінде қалды. Шымкентте алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті. 4 күн ішінде мұз айдыны мәнерлеп сырғанағандардың әсем жарысымен әрленді.
Шымкентте қысқы спорт түрлері мектебінің ашылғанына жылдың төңірегі болды. Сондықтан, өз алаңымызда республикалық біріншілік өтукізу үлкен жетістік дейді ұйымдастырушылар. Әрине, балғын жерлестеріміз дүлдүл доданың майталмандарына қарсылас бола алмайтыны анық. Дегенмен, бұл тәжірибе алмасу екені даусыз.
Намазбай Әбдіқұлов, №8 қысқы спорт түрлері мектебінің директоры: » Бір қуантарлығы төрешілер біздің шәкірттерімізге жақсы баға беріп кетті. Болашақта үмітімізді ақтайтын мықты мәнерлеп сырғанаушылар шығады деген үміттеміз.»
Чемпионатқа еліміздің 6 қаласынан және Қырғыз, өзбек ағайындарымыздың спортшылары келген. Жарысқа мәнерлеп сырғанаушылардың жарқын жұлдызы Денис Тен де келді. Ол сайысқа қатысқан жоқ. Өнерін көрерменге паш етті.
Денис Тен: «Жыл басынан бері көптеген жарыстарға қатыстым. Соңғы бәсекеде жарақаттанып қалдым. Сондықтан, ел жарысынан босатылдым. Бірақ, сайыста өнерімді көрсетуге келдім.»
Бәсекеде Карина Узурова мен Али Ильясовқа тең келер дуэт болмады. Қазақстандағы мәнерлеп сырғанауда жұпта өнер көрсетуі сирек кездеседі. Сондықтан, бірінші орын қиындықсыз осы екеуіне бұйырды.
Карина Узурова мен Али Ильяс, Қазақстан Чемпиондары: «Бізде қарсылас жоқ. Сондықтан, бұл жарыста өзіміз үшін айдынға шықты.»
Бапкерлер пайымдағандай, бұл жарыста Шымкенттіктердың қоржындары бос қалды. Медальдардың басым бөлігі Алматы спортшыларында кетсе, екінші орынға Астаналықтар болды. Ал үштікті Қарағандылықтар қорытындылады.