MEGA PLANET мәнерлеп сырғанаудан «Балалар мұз айдынында» жарысын өткізді

437
жарыстан көрініс

Әсем әуеннің сүйемелдеуімен мұз айдынында мәнерлеп сырғанаған ұл-қыздар ересек топтан. «MEGA PLANET» сауда-ойын сауық орталығы ұйымдастырған сайысқа жалпы 32 спортшы қатысады.

 

MEGA PLANET мәнерлеп сырғанаудан жарыс ұйымдастырды

Олар жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінген. Әділқазылар алқасының мүшелері әрбір қатысушының таңдаған бағдарламасын, шеберлігін, киім үлгісінің үйлесімділігін бағалайды. Жас спортшылардың ата-аналары да толқулы.

«MEGA PLANET ұйымдастырған жарысқа қызымыз бірінші рет қатысып жатыр. Былтыр көрермен ретінде тамашаладық. Қобылжып тұрмыз. Барлығы да жақсы өнер көрсетіп жатыр. Қызымызды қолдауға әжелері, бүкіл отбасы келдік. Керемет мүмкіндік сыйлаған MEGA PLANET орталығына алғысымыз шексіз. Осындай мерекелер жиі ұйымдастырылса спортшылардың шеберлігі артады және олар бір -бірімен тәжрибе алмасады» дейді қатысушылардың бірінің анасы.

«Балалар мұз айдынында» сайысына келген кіші топтың қатысушылары аға-әпкелерінен қалыспай өнер көрсетіп жүр. MEGA PLANET орталығының ұйымдастырған жарысын тамашалауға келгендер спортшыларға керемет қолдау көрсетті. Мұз айдынына шыққан әрбір қатысушы көрермендердің ықыласына бөленіп, жұмсақ ойыншықтар мен тәттілерге ие болды.

Евгения Гуренкова, қазылар алқасының мүшесі: «Бізге керемет көңіл-күй сыйлаған балаларға алғыс айтамын. Мұз айдынында өнер көрсету былай тұрсын, тұрудың өзі қиын. Алайда жас спортшылар жарады. Өздеріңіз байқадыңыздар,  әр қатысушыны көрермендер қандай қошеметпен қарсы алды. «MEGA PLANET»  ұйымдастырған сайыс Шымкентте дарынды балалар көп екенін дәлелдеп берді».

Қазылар алқасы

«MEGA PLANET» сауда және ойын-сауық орталығы екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған «Балалар мұз айдынында» бәйгесінде жеңіске жеткен ересек және кіші топтың жеңімпаздары смарт сағат, смартфон, планшетпен марапаттады.

«Балалар мұз айдыны» жарысының қатысушылары

Айжан Жанзақ, «А»ересектер тобында жеңіске жеткен қатысушы: «Мен мәнерлеп  сырғанаумен төрт жыл болды айналысқаныма. Бүгінгі жеңісім ата-анама, жаттықтыруышыма арнадым, оларға көп рахмет айтамын».

«MEGA PLANET» бірде-бір қатысушыны сыйлықсыз қалдырмады. Ал, орталық өкілдері балаларды мұз айдынында мәнерлеп сырғанаумен айналысуға шақырады.

«Мегаплэнетке келіп мұз айдынында мәнерлеп сырғанауды үйреніңіз. Айдында конкимен тұрудың өзі өнер. Спортпен шұғылданған баланың денсаулығы мықты болады. Көңіл – күй де әрдайым көтерңкі болады», дейді «MEGA PLANET» сауда-ойын сауық орталығының маркетологы Азиза.

Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды осылайша кең көлемде қолға алған «MEGA PLANET» орталығы «Балалар мұз айдынында» сайысын дәстүрлі шараға айналдыруды көздейді.