Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Әуезов оқулары — 10: «20 жылдық белес: ғылым, білім және мәдениеттің инновациялық даму бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция басталды.
Мекемтас Мырзахметұлы, Абайтанушы, ғалым: «Біз көп қырлы Мұхтар Әуезовты жан-жақты зерттей алып болғанымыз жоқ. Әсіресе, оның жеке дүниетанымын, саяси көзқарасы мен репрессия жылдарында ұсталып, қамалғандығы, одан кейін оған саяси қысым жасалғанын зерттемедік. Ұлы жазушының біздің өңірмен де байланысы терең болған. Ол әсіресе, өңіріміздегі ашаршылық жайлы Түлкібас жерінде жүріп жазған. Сонымен қатар, Мұхтар Омарханұлы алаштың қуғынға ұшыраған арыстарымен тер