Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті Еуропалық Бизнес Ассамблеясының «Біріккен Еуропа» сыйлығына ие болды. Ұлыбританиядан олжалы оралған ұжым басшылығын университет қызметкерлері үлкен құрметпен қарсы алды.
Шымкенттегі ОҚПУ тәуелсіздікпен құрдас оқу орны. Сол кезден бері талаптылық пен табандылықты ту етіп, білім бәсекесінде алғы шепке шығуды мақсат етті. Бүгінгі сыйлық сол еңбектің нәтижесі.
Бұл сыйлықтың университетке берері көп. Осында білім алатын бірқатар шәкірттер Оксфордқа барып, оқитын болады. Ал Британдық үздік студенттер аталмыш оқу орнында білімін жалғастырмақ. Бұл тәжірибе алмасудың тиімді тәсілі болып отыр.
Әрине, Оксфордтан олжалы оралу кеінің бірінің мәртебесіне келе бермейтін марапат. Бұл ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбектің жеңісі дейді ұжым қызметкерлері.
Енді Британдық оқу орнымен тәжірибе алмасуда Қазақстандық білім беру жүйесінің жан-жақты әдістемелерін көрсете білу керек. Бұл Отандық оқыту бағдарламасының баянды болуына әсер етеді дейді басшылық.