Қаламыздағы ОҚО балалар құқықтарын қорғау департаменті Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан» атты Республикалық балалар сурет байқауын ұйымдастырды.
Аталған байқауды ұйымдастырудағы мақсат-қазіргі қоғамдағы үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, балалардың өз елінің ажырамас бөлігі екендігін сезінуді қалыптастыру.
Байқауға жалпы орта білім мектептерінің оқушылары, қосымша білім беру мекемелерінің, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері қатыстырылды.
Сонымен, бас жүлдені яғни арнайы сертификатқа Батырбек Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «өнер» мектеп интернатының оқушысы иемденді.