Нұр Отандықтар осылай деп мәлімдеме жасады. Облыстық сайлауалды штаб үгіт-насихат жұмысын бастады. Штабтың жұмысын филиал төрағасының бірінші орынбасары Ұласбек Сәдібеков басқарады. Брифингті де ұйымдастырған өзі.
Облыс көлемінде 1 облыстық, және 15 аудандық, қалалық сайлауалды штабтары құрылған. Сонымен қатар мобильді үгіттік топтар жасақталып, іс-шаралар белсенді түрде атқарылмақ.
Айта кету керек, Нұр Отан партиясының атынан барлық деңгейдегі мәслихаттарға 315 үміткер тіркеліпті. Енді саяси ұйым мүшелері жауапты науқанға белсене кіріспек.