Жаңалықтар 

Төлеби ауданының шаруалары түйеқұс өсіреді

“Атамекен” корпорациясы ЖШС-нің Төле би ауданындағы Сарқырама ауылында түйеқұс фермасын ашқанына 5 жыл толады. Алдын 50 бас құс Алматыдағы ірі түйеқұс фермасынан жеткізілген болатын. Осы жыл аралығында Голландия мен Ресейден инкубаторлар алып келінді. Бұл құстардың ерекшеліктері, олар жайғасқан орын таза, жағымсыз иісі болмайды.

Су болса және де екі мезгіл тамақтандырса болғаны-таңертең көк шөп, қауызы берік болу мақсатында оларға кешке жүгері, бидай, арпадан дайындалған құрама жем беріледі. Мал дәрігерлерінің мәлімдеуінше, түйеқұстар оңтүстік өңірінің ауа райына бейімделген.

Ыдырысәлі САЛЫБАЕВ, Атамекен копроациясы ЖШС-нің түйеқұс фермасының бас мал дәрігері: Түйеқұс басын көбейту бағытында жұмыстар жүргізудеміз. Инкубаторларымыз да бар. 1 жасқа дейін жетілгенше оларға күтім жақсы болуы тиіс. Түйеқұстар тез көбейеді.

Related posts