Жаңалықтар 

Татар-башқұрт мәдени орталығы жылды қорытындылады

Достық пен ағайындық байлықтан қымбат. Бұл халық мақалы татар-башқұрт мәдени орталығы үшін құр сөз емес. Құрылған жылдардан бері орталық ұжымы осы бағытынан таймай, қажырлы еңбек етіп келеді. Көпұлттың басын қосқан елімізде мәдени орталықтар үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесінің орны ерекше.

Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынасын сақтап, оны ары қарай нығайту -татар-башқұрт мәдени орталығының басты мақсаты. Биыл 20 жылдық торқалы той қарсаңында олар атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Чак-чак байрамы, татар тойы, сабантуй. Қаламыздағы барлық ұлт өкілдерінің басын қосқан бұл мейрамдар Шымкентте дәстүрге айналған мерекелер. Сонымен қатар, орталық өкілдері патриоттық тұрғыда тәрбиелеуді басты назарға алған ғылыми-практикалық конференциясын ойдағыдай өткізді. Ал қыркүйекте ұйымдастырылған қолданбалы өнер көрмесінде жас дарындар да байқалды.

130 ұлт өкілі бейбіт өмір сүріп жатқан елімізде ұлтаралық достық басты назарда тұр. Сондықтан татар-башқұрт орталығы жұмысын ары қарай жалғастыра бермек.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz