Шалғайдағы Достық ауылында электр жүйелері жаңартылды

425

Сарығаш аудандық әкімдігі «Ауыл- ел бесігі» баяғдарламасын жүзеге асыру мақсатында  шалғайда орналасқан ауылдарға инженерлік инфрақұрылым тарту, жол, мектеп салу  мәселесін қолға алған.

Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Достық елдімекенінде ескірген  бағаналар жаңаланып, заманауи оқшауланған сымдар тартылуда. Сонымен қатар 10 трансформатор жаңартылады. Бұл мақсатта 2020 жылы республикалық бюджеттен 291 827 000 теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың аяғына дейін жоғарғы кернеулі 10 кВ электр  желісінде  жаңарту жұмыстары Қапланбек елдімекенінде-1,1 шақырымында, Ақниет ауылында -2,6, Жаңаталап-5.7 шқ, Сарыағаш ауданында -1,5 шақырымында   жүргізіледі.

Құрама, Дарбаза, Бостандық, Жібек жолы, Қанағат, Достық, Жонарық, елдімекендерінде  1 дана және Сарыағаш ауданында 2 дана қосалқы станциялары толығымен ауыстырылып, қуаты көбейтіледі.

Шынар Оразова