Шымкенттік «Сақ» анимациялық студиясы қазақ тілінде екі жаңа мультфильмді жарыққа шығарды. Оның бірі халық аңызы Толағай.
Күн емес, сағат сайын өсіп, туған аулына қолғабыс жасайтын батыр жайлы мультфильмді жарыққа шығарудағы басты мақсат әрбір баланың туған елге деген махаббатын арттыру дейді аниматорлар.
Екінші мультфильм қисық табан қаз туралы. Ересек көрермендерге арналған дүниеде әке-шешесі бас тартқан тағдыры қиын қаз жайында айтылады. Алайда, ол өз ата-анасын өзге жақтан табады.
Екі мультфильмді жасауға 5 миллионға жуық қаржы жұмсалды.