ОҚО-да сайлау 16 елдің бақылауында

253

Оңтүстікте ҚР  Парламенті Мәжілісі мен облыс және қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау Дания, Нидерланды, Ресей, Германия, Англия, АҚШ және Туркия, Қырғызстаннан келген бақылаушылардың назарында. Қырғызстандық сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы төрағасының орынбасары Гүлнар Джурабаева Ордабасы, Түркістан және Төлеби аудандарында болып қайтыпты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы бірнеше сайлау учаскелерін аралап үлгергенін айтады. Аудандарда бақылаушылардың аса белсенділігін байқамаған қонақ Шымкент қаласында түрлі партиялар мен тәуелсіз және үміткерлер бақылаушылары көп екен дейді.

Испандық Луиса Фрага

Келесі бір бақылаушы көптеген елдердегі сайлауды бақылаған екен. Әр елдің сайлауында өзіндік ерекшеліктер кездеседі дейді ол. Қазақстандық сайлаушылар жас ерекшелігіне қарамай, белсенді екенін байқаған бақылаушы мұның жақсы құбылыс екенін жасырмады.

Испания парламентінің 4 шақырылымының сенаторы болған азамат Қазақстанға келіп, сайлауды бақылау мүмкіндігі Испаниядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісінің үлесі деп санайды. Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынастың тұрақтылығының нышаны болары сөзсіз.