«Отырар-TV» телеарнасының ұжымы ұлу жылына арнайы жобасын ұсынады

Отырар-TV — ғашықтар мекені. Отырар-TV телеарнасының шығармашылық ұжымы жаңа ұлу жылына арнайы жобасын ұсынады. Қаламды серік еткен жорналшылар ғана ойнайтын фильмде қызықты жәйттер жетерлік. Мәселен, біздің редакцияда осы жылы 5 қызметкер жүрегінің жартысын тапты. Сөйтіп, Отырар деген ортақ шаңырақ ішінен отау тікті.

«Ғашықтар хикаясының» желісі телеарнадағы жас тілші Мөлдір Бекееваға жар іздеу машақаты мәселесінде өрбиді. Бойжеткеннің санасын сан саққа жүгірткен аға буын әпкелер жұмысбасты тілшіні балгер мен көріпкелге жетелеп, ойын одан әрі шатастырады. Басты кейіпкеріміздің өзі кейбір жәйттерді шынға балапты.

Жобадағы келесі басты кейіпкерлердің бірі — Махаббаттың махаббат сезіміне кедергілердің көп болғандығы жайында баяндалған. Айта өткен жөн, биыл Отырар телеарнасының 5 қызметкері өмірлік жарымен жолықты. Жас жұбайлардың бірі Махаббат пен Руслан біздің телеарнада танысып, табысқан жұптар. Фильмде де, қос ғашықтың сезіміне кедергі болған сәттер тамаша суреттелген.

Махаббат Әбдешова өткен жылы телеарнамызда түсірілген «Ноутбугін жоғалтан жігіт» жайындағы жобада да басты рөлді сомдаған болатын. Ал биылғы жаңа жылдық түсірілімнің бағыты табысқан жүректерге арналып отыр. Жоба жетекшісі Сарбиназ Алдабергенова бұл фильмнің көрерменді күлкіге қарқ қылатын тұстарымен есте қалдыруға тырысуда.

Жобаның жетекшісі әлі де фильмге қатысты көптеген сырды ашпай қойды. Қойылым желісі қызықтырса, 31-желтоқсан күні түнгі сағат 23-де және 2:00-де және 13-қаңтар күні көк жәшігіңізді «Отырар-TV» телеарнасынан ауыстырмаңыз. Көгілдір экран ішіндегі жұлдыздар сіздер үшін бар өнерін салатын болады.