Еліміздегі ауасы ең лас қала белгілі болды. Өкінішке орай ол — өзіміз тұрып жатқан Шымкент қаласы.
Ізінше бұл тізімде 7 шахар тұр. ҚР Табиғатты қорғау министрлігі, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2011 жылғы қорытынды мәліметіндегі тізімде Шымкенттен кейін Теміртау, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Тараз және Жезқазған орналасқан.
Алматы, Астана, Атырау қалалары 2010 жылмен салыстырғанда өткен жылы ауасы тазарған. Дегенмен, Қазақстанның бірде-бір қаласы атмосфера ластануының жоғарғы деңгейіне жетпеген. Сонымен қатар Көкшетау, Талдықорған, Екібастұз, Балхаш, Қостанай қалалары тазалығымен мақтана алады.
Ал әлем бойынша Иранның Ахваз қаласы ең лас қала деп танылды. Екінші орында Моңғолияның Улан-Баторы, үшінші орынға тағы да иран елінің Санандаж шахары орналасты.