Кәсібін дөңгелетемін дегендерге мүмкіндік мол

313

Шымкент қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры » АҚ ОҚО бойынша аймақтық филиалының ұйымдастыруымен  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау атты дөңгелек үстел өтті. Тұрақтандыру бағдарламалары бойынша облыста 486 шағын және орта бизнес субъектілерінің жобалары 46,35 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Соның есебінен 1 мың жұмыс орны ашылған.

Ұлан Керімқұлов , жеке кәсіпкер: «Бизенстің  жолл картасы -2020 бағдарламасы бойынша несие алып,  мал шаруашылығымен айналыспақпыз. Қазіргі таңда 5 бас жылқы, 35 бас қой, 2 бас ірі қара  сатып алдық. Келешекте  қымыз өңдеуді қолға алмақпыз».

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 81 жеке кәсіпкер мен кәсіпорындардың жобалары 29.66 млрд. теңгеге мақұлданған. Өңірімізден қаржылай қолдауға «Кентау трансформатор зауыты», «Шымкентмай «АҚ, «Рауан» ЖШС-і, «Ернұр» принт және т. б. ие болды. Бұл бағытта жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасады.

 Самат АҚЫЛБЕКОВ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО аймақтық филиалының директоры : «Бизнеске сервистік қолдау көрсету бойынша   4 312  оңтүстікқазақстандық кәсіпкер сервистік қызмет алды. Кәсбін жаңадан бастауға бел буған кәсіпкерлерді қолдауға  арналған «Бизнес кеңесші»  жобасымен 2 мыңнан астам  азамат қамтылды. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар  да  бар».

Жиынға қатысқан ОҚО бойынша екінші деңгейлі банктердің өкілдері, Максимум аймақтық инвестициялық орталығы , «Ырыс» микронесие ұйымдарының басшылары кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары төрағаларының сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулер кәсібізімізді тиімді жолмен дамытуға бағыт бағдар береді дейді жиналғандар.