Парламент депутаттары Президенттің Жолдауын насихаттады

271

Жолдауға қолдау! Елбасының халыққа бағдар еткен маңызды құжатын түсіндіру үшін бүгін облысымызға бір топ мәжіліс депутаттары келді. 4 бірдей депутаттан тұратын делегация құрамы әр өңірдегі халық қалаулылары. Олар жолдаудағы айтылған басым бағыттар бойынша біздің өңірде тындырылатын тірліктерді қалың қауымға жетізуді мақсат етті. Алғашқы кездесу Сайрам ауданында ұйымдастырылды.

Халықпен кездесуге келген Парламент Мәжілісінің депутаттары алдымен Сареми атындағы мектеп гимназиясына бас сұқты. Ондағы мақсат білім ошағының Жолдауда айтылғандай, заманауи оқу құралдарымен жабдықталуын көру. Делегаттар сыныптардағы сабақ барысын да байқады. Үш тілде білім беретін мектеп шәкірттердің жан-жақты тіл білуіне жағдай жасап отыр.

Бахадыр Нұралиев, мектеп директоры: «1-2 сыныптарда қазақ тілі мен орыс тілі бірдей жүргізіледі. Жоғары сыныптардағы оқушыларда ол қиындата түсіледі. Қазақстан білім кеңістігінде бәсекелестікке қабілетті екеінімізді көрсетіп келеміз».

Бұдан соң делегаттар өзбек драма театрында жергілікті жұртпен жүздесті. Партия тарапынан бөлек, Ассамблея атынан да сайланған халық қалаулылары Елбасы жолдауын насихаттау барысында сан түрлі саладағы мәселелерді қамтыды. Оның ішінде жұртшылықты алаңдатып отырған жанармай бағасы да бар.

Әлихан Тойбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Елбасы Жолдауда атап көрсетілген. Атырау мұнай өңдеу зауытын біршама көтереміз деп айтылған. Мұнай өңдеуге  2 млрд.-тан астам қаражат бөлініп, ішкі тартылымға жететіндей жанар жағармай шығарылады».

Тағы бір жағымды жаңалық, Жолдаудағы басым бағыттың бірі «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша бір ғана біздің облысымызда 22 тұрғын үй салынбақшы. Демек, 1240 жас отбасы баспаналы болады деген сөз. Осы сияқты тағы біраз тың ақпарды жеткізген депутаттар өзге аудандарда да көпшілікпен кездесуге ниет етіп отыр. Өйткені баянды бағдарламалардан тұратын Елбасының 16-шы Жолдауы жарқын болашаққа жетелейді.