Ресей гинекологы ОҚО әйелдеріне ота жасады

221

Бүгін облыстық клиникалық ауруханаға Ресейдің алтын қолды дәрігер-хирургтері келіп, гинекология саласы бойынша жоспарлы оталарды жасауға кірісіп кетті. Бұған дейін де аталған аурухана базасында жасалған лапраскопиялық оталар турасында айтқан болатынбыз. Ерекшелігі сол екі күндік оқу -тренингін аудандардағы дәрігерлер онлайн жүйесі арқылы үйрене алады.

Облыстық клиникалық ауруханасы бугін тәжірибе алаңына айналды. Халықаралық шеберлік сабақтарын Мәскеуден ат терлетіп келген Александр Попов жүргізеді. Жоспарлы оталар екі күнге белгіленген. Сондықтан, операцияның эндоскопты және лапраскопты түрлерін біздің жергілікті дәрігер-хирургтар осы аз уақыт аралығында меңгеріп алулары тиіс.

Александр ПОПОВ Мәскеу Акушерлік және гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтының профессоры: » Бұл екі күн аралығында көп нәрсені үйренуге болады деп сенімді түрде айта аламын. Себебі, сіздердің мамандарыңыз бұған дейін де бірнеше рет біліктілігін арттыру бойынша сабақ алған. Ал аудандардағы дәрігерлергеотаның негізгі алғы шарттарын үйретеміз. қалғаны жергіліктиі дәрігерлердің еншісінде».

Екі күндік оталарды облыс аумағындағы 12 ауданның дәрігерлері бақылап, онлайн жүйесі арқылы хас маманға сауал жолдай алады. Яғни операцияға облыстың барлық дәрігерлері вертуалды түрде қатысып, біліктіліктерін арттырады. Бұл құрал-жабдықтары бар, бірақ маманға тапшы аудандар үшін сәл де болса жәрдем болатынына сенімді облыстық аурухана дәрігерлері.

Марат Пашимов, ОКА бас дәрігерінің орынбасары: «Негізі мұндай операцияларды қажет ететін ауруларды Алматы, Астанаға жіберетін едік. Осыдан кейін өзіміздің дәрігерлер бастады. Олардың үйренетіні әлі де көп».

ОҚО халқы тығыз орналасқан аймаққа жатады. Сондықтан әйелдер арасындағы түрлі патологиялар емделмеген күйі қалып қояды. Ал бұл біріншіден өмір сапасын төмендетсе, екіншіден әйелдер арасындағы өлімнің көп болуыуна жда жол ашады. Сондықтан жатыр бөлігінің түрлі дерттерінен бастап, зәр жіберіп қоюға дейінгі мәселелер бүгін жаңа технологиялардың арқасында шешімін тапқан мәселе. Ең бастысы, жергілікті дәрігерлер осы біліктілікке сай жұмыс жасаса деген ниет қана бар.