«SDLG» корпорациясы сапалы арнайы техника ұсынады

277
Тимур Джумабеков түсірген

Керемет сапалы техника қолжетімді бағамен. Бүгін SDLG Корпорациясының Шымкенттегі өкілдігі Оңтүстік кәсіпкерлерімен кездесіп, арнайы техниканың артықшылары туралы айтып берді. Экскаваторлар мен автогрейдер жүктасымалдағыштары. SDLG компаниясының техникасы Қазақстан нарығында сапалылығымен көзге түсіп үлгерген. Бірақ алғашқыда, яғни 7 жыл бұрын қиындықтар аз болған жоқ. Компанияның Шымкенттегі өкілдігі – «Рината» ЖШС-нің басшысы Болат Ибраев та осылай дейді.

Болат Ибраев, «Рината» ЖШС-нің директоры: «Компания елдімекендерді аралап, қай шаруашылыққа қандай техника керек, сондай-ақ оңтайлы екендігін анықтап, келіссөздер жүргізеді. Сосын екіжақты тиімді келісім негізінде арнайы техниканы жеткізіп беруге дайынбыз».

SDLG корпорациясы – VOLVO швед компаниясымен бірлескен компания. Ол Еуропаның заманауи құрылғыларымен жабдықталған. Кәсіпкер Бейсенбек Темірбеков SDLG компаниясынан 7 жыл бұрын техника сатып алған. Бұл құрылғылардың сапасына кәсіпкер бек сенімді.

«Компанияның Шымкенттегі өкілі – «Рината» ЖШС-і арнайы техниканы екіжақты тиімді шарттармен тасымалдаумен қоса сапасына кепілдеме береді. Сондай-ақ жұмысшыларға техникамен жұмыс істеуді де үйретіп, толық сервистік қызмет көрсетеді. Техниканың қосалқы бөлшектерінің қоймасы тағы бар.